Текст
29.10.2025
Бүгін біздің балабақшада еңбек ардагерлеріне қартар күніне арналған жылы да әсерлі іс-шара өтті.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер үлкен сүйіспеншілікпен мерекелік концерт дайындады. Бағдарлама барысында балалар өлең оқып, ән шырқап, би билеп, өздерінің алғысы мен құрметін білдірді. Әрбір өнер көрсетілімінен үлкендерге деген сыйластық пен ризашылық сезімі байқалды.
Концерттен кейін қонақтар хош иісті шай мен дәмді тағамдар қойылған үстел басына шақырылды. Әңгіме мен естеліктерге толы жылы отырыс мерекенің ерекше көркіне айналды.
Іс-шара мейірім мен құрметке толы шуақты көңіл күйде өтті, ардагерлерге деген алғыс пен ықылас баршаның жүрегін жылытты.