Текст
" />
24.12.2025
24 желтоқсанда «Қарлығаш» кіші тобында жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Мереке жылы әрі көңілді атмосферада ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер жаңа жылға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындарға қатысты.
Әсем безендірілген зал мен жарқыраған шырша балаларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл жаңа жылдық ертеңгілік балаларға қуаныш, жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер қалдырды.