Ақмола облысы басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Егіндікөл ауылының "Балбөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балбобек" села Егиндыколь при отделе образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердепіз

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Технологиялық карта

20.01.2017

Технологиялық карта

«Балбөбек» балабақшасы «Айгөлек» орта тобы

Тәрбиеші: Сарманова С.Е

Білім беру саласы:  Таным

Кіші саласы: Құрастыру

Тақырыбы:   Аққала

Мақсаты:  жіппен жұмыс жасай білуге үйрету, қиылған жіптерден аққаланың бейнесін жасауда саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: ақ және қызыл түсті жіптер, желім, қылқалам, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс:  жіппен жұмыс жасау, жіптің ұсақ қиындылары.

 

Ісәрекет 

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотив-ық

қозғауш-қ

-Балалар, бүгін біз қиылған жіптерден аққала

жасаймыз.

-Өткен жолы біз аққаланы қалай жасап едік?

-Дұрыс қағаздан умаждап жасадық.

Енді жіптерден қалай жасауға болатын жолдарын үйренеміз.

  Балалар өткен сабақта қағаздан умаждап аққала

жасағандарын естеріне түсіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

-Аққаланың үлкен бөлігін жасау үшін ең ұзын жіпті

аламыз, оны дөңгелетіп орналастырып желімдейміз;

-Екінші бөлігіне кіші жіпті алып, оны 1-дөңгелектің үстіне орналастырамыз.

-Басына арналған жіпті алып, оны орналастырып, оның

үстіне бас киімін қызыл немесе басқа түсті жіппен желімдейміз.

-Қолдарына арналған жіптерді желімдейміз;

-Орындалу реті аяқталған соң, оның мұрны, көзі,

қолындағы сыпырғышы т.б толықтырамыз.

-Ұсақ қиылған жіптердідің «ұнтақтарынан» Аққаланың

ішіндегі дөңгелектерін толықтырамыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Жіптерді қалай

пайдалану керек екендігін айтып, үнемі бағыт беріп отырамыз.

  Жіптерді ретімен таңдап алады, оны желімдейді,

бір-біріне үйлесімділігінне қарайды, ұсақ қиындылармен ортасын толтырады.

Басқа дене бөліктерін өз ойларынан жасайды.

 

 

Рефлексивті- түзетушілік

Балалардың жіптерді қалай пайдаланатынын, қалай желімдегеніне назар аударып, жұмыстың сапасына қарай отырып қорытындылаймыз.

 

 

Балалар бір бірінің жұмыстарына баға береді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: қиылған жіптерден Аққаланың бейнесін жасауды;

игерді: жіппен жұмыс жасауды және оны қағаз бетінде дұрыс орналастыруды;

меңгереді: қажетсіз заттар: жіп қиындыларымен жұмыс жасауды.

 

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст