Ақмола облысы басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Егіндікөл ауылының "Балбөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балбобек" села Егиндыколь при отделе образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердепіз

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік

20.01.2017

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктің сценарийі.

«Балбөбек» балабақшасы «Қарлығаш» І кіші тобы

Тәрбиешілер: Турсанхан Маржан

                         Сарманова С.Е

Мақсаты:  Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа тәрбиелеу. 

Кейіпкерлер:       Жүргізуші:

                               Сиқыршы:

                               Аю:            

                              Аяз ата:

                              Ақшақар:

                              Маша:

(Зал мерекеге сай безендірілген,  және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Музыка әуенімен залға балалар кіріп келеді. Балаларда мерекеге сай киінген.)

 

Жүргізуші:                            Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

   Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

      Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін,

     Бәрімізге мына жыл арайлы!

                                                    

Құтты болсын ағайын!

                                                    

Жаңа жылың тағы да,

                                                    

Ертеңгілік басталсын

        «Қарлығаш» сәби тобында.

Құрметті қонақтар, әріптестер және де қымбатты балалар! Сіздерді кіріп келе жатқан Жаңа 2017жылдарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. «Қарлығаш»  тобының бүлдіршіндері дайындаған «Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілігіне қош келдіңіздер дей отыра, балалардың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

(осы кезде музыка қосылады. Залға шыр айналып Сиқыршы кіріп келеді).  

Сиқыршы:               Жаңа жыл келді,

                                     Азаймасын ән мен жыр.

                                     Ел көңілін көтерсін,

                                     Құтты болсын, Жаңа жыл.

-Қараңдаршы, айнала неткен керемет, шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ шыршамыз көңілсі, жабырқап тұрғой. Қане, мен сиқырлы таяқшамның көмегімен,сендердің әдемі сөздеріңмен шыршамыздың шамдарын жағайық.

Бәрі:      Қуант, бізді таңырқат

              Шамдарыңды жарқырат!

(Шыршаның шамдары жанбай қалады. Сиқыршы таяқшасын қайта-қайта шыршаға    тигізіп, ары-бері аударып қарайды).

  Сиқыршы:    Ой, ой, ой, енді түсіндім, түсіндім. Бұның бәрі Маша қыздың ісіғой. Ол  менің сиқырлы таяқшамды өзінің ойыншық таяқшасымен ауыстарып тастаған екенғой. Мен жаңа Аюдың үйінде қонақта болдым. Ол жерде Маша да бар екен. Маша сондай тәртіпсіз, тынымсыз, айтқанды тыңдамайтын қыз болып кетіпті. Балалар, сіздердің араларыңда да Маша сияқты тіл алмайтын балалар бар ма? Енді не істедім, мен таяқшасыз ештеңеде істей алмаймын.

      (Сиқыршы қиналған кейіп танытады).

  Жүргізуші:  Сиқыршы сіз қиналмаңыз. Біздің балаларымыз өте ақылды, тіл алғыш. Олар өлең де айтады, би де билейді. Сіз балалардың

өнерлерін тамашалаңыз. Балалар өз өнерлерімен сиқыр жасасын.

  Ән: «Кішкентай шырша».

  (Ән орындалып болғанда залға шаршап, шалдығып Аю кіріп келеді).

  Аю: Сиқыршы қайда, сиқыршы қайда?

Жүргізуші:  Аю, аю, сізге не болған, қатты жүгіріп шаршаған сияқтысызғой.

Аю: Ой, ой, айтпаңыз. Орманда  Маша қыз Сиқыршының сиқырлы  таяқшасымен жануарлардың бәрін сиқырлап, еш кімді тыңдамай бәрін қатырып тастап жүр. Ал енді өзі Аяз Атаға кетті. Сиқырлы таяқшамен Аяз Атаны сиқырлап тастап, сыйлықтардың бәрін өзіне алып қалмақшы. Сыйлықтарды басқа балаларға бермеймін диді.

Жүргізуші: Аюжан, сіз уайымдамаңыз. Бұл жерде Жаңа жылды тойлап жатқан мына балалар да сиқыршы. Олардың сиқыры сонда олар бүкіл жамандықты жақслыққа айналдыра алады. Біздің балалар, өз өнерлерімен сиқыр көрсетсін.

  Би: «Көңілді шырша»

  (Осы кезде залға ахлап, ухлеп Аяз ата кіріп келеді).

  Жүргізуші:  Сәлеметсіз бе, Аяз ата. Біздің балалар сізді асыға күтіп отыр.

Аяз ата:    Амансыңдар ма, балаларым, қонақтар. Мені кешіріңдер, балапандарым. Мен сендердің мерекелеріңе асығып сыйлықтарымды алып келе жатыр едім. Келе жатып жолда Машаны кезіктірдім. Оның қолында сиқырлы таяқ бар екен. Маша сиқыр жасап  сыйлықтардың

бәрін алып қойды. Ал, өзі болса менің қатты мазамды алды. Мен сенің немере қызың Ақшақар боламын деп қоймай қойды.  Өзім әрең дегенде сендерге жеттім.

Жүргізуші:  Аяз ата сіз уайымдамаңыз, Машаға бола алаң болмаңыз. Мінеки мына балаларды қараңызшы, олар өте ақылды, тәртіпті және

өнерлі балалар. Сіз мында отырыңыз. Балалар сізге өз өнерлерімен сиқыр жасасын.

Ән: «Мерекеге келдік»

  (Осы кезде залға ашуланған ызақор Маша кіріп келеді)

  Маша: Бәрі менікі, сыйлықтардың бәрі менікі, әдемі көйлектер де менікі. Аяз ата мені тез Ақшақарға айналдырыңыз. Менің әдемі қыз болғым келеді. (айқайлап жылайды).

Жүргізуші: Маша, Маша сен қарашы  мына балаларға бәрі ақылды тіл алғыш және өнерлі балалар. Сен де осы балалар сияқты ақылды болсаң,үлкендерді сыйлап жүрсең барлық сыйлықта, әдемі көйлектерді сенікі болады. (Осы кезе Аяз ата, Сиқыршы, Аю сөзге араласып, Машаға ақылды бол деп айтады. Маша ойланып қалады).

  Маша:  Әрине Аяз ата, менде мына балалар сияқты ақылды боламын. Сиқыршы, Аю мен сіздерден кешірім сұраймын. Сиқыршы міне сіздің сиқырлы таяғыңыз, алыңыз.  Мен сөзімді іспен орындағым келеді. Мына жерде шашылып  қалған қарларды тазалап жинағым келеді.

Жүргізуші: Жарайсың Маша. Қане, балалар Машамен бірге «Қар жинау» ойынын ойнайық.

Ойын: «Қар жинау»

  (Балалар Машамен бірге «Қар жинау»  ойынын ойнайды).

Аяз ата: Маша қызым сен ақылды қыз боламын деген уәдеңді орындадың. Енді мен сені өзімнің әдемі немере қызым Ақшақарға айналдырамын. Қане Маша менің мына сиқырлы дорбамның ішіне кір. Сиқыр болғанша күте тұр.

  (Маша сиқырлы дорбаға кіреді. )

  Жүргізуші: Қане, балалар бәріміз бірге Ақшақарды шақырайық.

Бәрі:     Ақшақар,Ақшақар!

           Ақшақар, Ақшақар!

  (Аяз ата дорбасын шыршадан бір айналдырып алып келеді, ішінен Ақшақар шығады).

Ақшақар: (қуанып) Аяз ата рақмет сізге көйлегім әдемі болды. Мен енді ешқашан тәртіпсіздік жасамаймын. Балалар сіздерде тәртіпті, ақылды бала болыңдар! Менің де балалармен ән айтып, би билегім келеді.

Жүргізуші: Маша әрине сенде балаларға қосылып «Жаңа жыл»  әнін орындап берейік. Біз ән орындап болғанша Сиқыршы мен Аю Аяз атаның орманда қалып қойған сыйлықтарын алып келсін.

Ән: «Жаңа жыл!»

  (Сиқыршы мен Аю сыйлықтарды алып келу үшін залдан шығып кетеді. Осы кезде залға музыка ырғағымен ескі Мешін жылы мен бірге жаңа Тауық жылы келеді).

Мешін: Амансыңдар ма, қонақтар, сәлем балалар. Мен ескі жыл Мешін жылы боламын. Мен енді кезегімді Тауық жылына бергілі тұрмын.

Барлықтарыңды жаңа жылдарыңмен құттықтаймын.

Тауық:      Армысыздар балалар, бармысыздар халайық

Жаңа жылды жұп жазбай келіңдер қарсы алайық

Жаңа жылдың мерекесін, мерекеге жалғаймын

Елде, жерде, табиғатта бақыт жолды қолдаймын.    

Сиқыршы мен Аю орманнан сыйлықтарды алып келеді. Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды балаларға таратып береді.

Аяз ата:  Қарақтарым,шырақтарым .Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да

асыға күтуде. Енді сол балаларға кетейін. Қош сау болыңыздар.

 Балалар: Сау болыңыз! (Аяз ата мен Ақшақарды  көңілді әуенмен шығарып салады).

Жүргізуші:  Мінеки құрметті қонақтар, ата-аналар! Біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты шағын ғана мерекелік кешіміз аяқталды. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен тағы да құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасылаыңызға амандық тілейміз. Келесіде кездескенше сау болыңыздар!

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст